Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын егу басталды

Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын егу басталды

Қызылорда облысында бүгін 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдерге «Pfizer» вакцинасын егу басталды, деп хабарлайды inform.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алғашқы болып медициналық колледжде білім алып жатқан 70 студентке ата-аналарының келісімімен вакцина салынды. «Аталған вакцинаны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған. Бүгінде өңірдегі барлық емханада дайындық жұмыстары пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш жеткізілді. Өткен аптада «Pfizer» вакцинасының 23400 дозасы әкелінген. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізуші әйелдерге салынады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов. Қызылорда облысы қазір «жасыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте 18 жағдай тіркелді. Емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 163 науқас, реанимациялық төсек-орында 21 науқас ем қабылдауда. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның бірінші компонентімен егілгендер саны - 385 601 адам, халықтың қамтылуы 85,2 пайызды құрады. Екінші компонентті 320 783 адам алған. Еске салсақ, Қызылорда облысында 1 мыңға жуық оқушы тұмауға шалдықты.
17 қараша 2021 ж. 524 0