Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күздің салқыны сезіле бастайды: Жаздың соңғы күндері жаңбырлы болмақ

Күздің салқыны сезіле бастайды: Жаздың соңғы күндері жаңбырлы болмақ

Синоптиктер жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Stan.kz.


Казгидрометтің мәліметінше, 28-30 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Күздің суығы солтүстік және орталық облыстарда сезіле бастайды. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн суытып, климаттық нормадан 1-3°С төмен болады.
Еліміздің батыс аймағында күн жауын-шашынсыз әрі ыстық болады. Ауа температурасы 28…35°, кей жерлерде 40°С болады деп күтілуде. Оған жердегі қабаттың антициклон және оңтүстік-батыста Кіші Азия аймағынан ыстық ауа әкелетін тропосфералық ағындар әсер етеді.
Stan.kz
27 тамыз 2018 ж. 955 0