Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақыдағы өзгерістер

Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бюджеті туралы» Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК)  – 3063 теңге, ең төменгі зейнетақы 46302 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19450 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 36018 теңге, ең төменгі жалақы  – 60000 теңге мөлшерінде белгіленді. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшері жұмыс істеген өтіліне (барлығы 33 жылдан аспауы тиіс)  сәйкес есептеледі. Қайта тағайындалған зейнетақы есептеу үшін ең жоғарғы табыс 2022 жылы 46 еселенген айлық есептік көрсеткіш 140818 (46*3063=140898).
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  №1, №2  тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.                     
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ  – 69155 теңге,  II топ  –55108 теңге,  III топ – 37459 теңге. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп, 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса, енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді, яғни 7 жасқа дейін – 50426 теңге, I топ – 69155 теңге, II  топ  – 57269 теңге, III топ –  43222 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I  топ – 101211 теңге,  II топ – 86444 теңге, III топ  – 72397 теңге. Мүгедек баланың күтіміне   50426 теңге төленеді.
Биылға енгізілген жаңалықтың түрі мынадай: 1999 жылғы 5 сәуірдегі №126 «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңына» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 12 қазандағы №67–VII Қазақстан Республика Заңына сәйкес I топ мүгедегіне күтім жасағаны үшін күтушіге жәрдемақы тағайындалып төленеді. Осы уақытқа дейін аталған жәрдемақы тек мүгедектік себебі «бала кезінен» деп көрсетілген мүгедектерге байланысты болса, енді мүгедектік себебіне қарамай барлық  I топ  мүгедектер күтушісіне төленеді. Жәрдемақы мөлшері күнкөріс деңгейінің 1,4 есесі, яғни биыл 48023 теңге болса, 2022 жылда –50426 теңге.                                           
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 30976 теңге, екі балаға – 53667 теңге, үш балаға – 66634 теңге, төрт балаға –70596 теңге, бес балаға – 73117 теңге, алты және одан жоғары балаға – 75998 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 42502 теңге, екі балаға – 85003 теңге, үш балаға –127504 теңге, төрт балаға – 170005 теңге. Тағы бір жаналық, бұрын жәрдемақы алушы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының екі түрі тиесілі болғанымен, тек бір ғана жәрдемақы алуға құқылы болса, енді жоғарыда аталған Заңға сәйкес екі түрін алуға да құқылы. Яғни асыраушысы қайтыс болған алушының асырауындағы баласы мүгедек деп танылып, тек қана мүгедектік жәрдемақы алып отырса, енді асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы да тағайындалып төленеді.
Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін – 116394 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 192969 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 17643 теңге, екінші балаға – 20860 теңге, үшінші балаға –24045 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға – 27261 теңге.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 49100 теңге, 5 баласы бар отбасыларға – 61383 теңге, 6 баласы бар отбасыларға –73666 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 85948 теңге, 8 баласы бар отбасыларға – 98018 теңге, 9 баласы бар отбасыларға – 110268 теңге.
Айта кететін жайт, көп балалы аналарға ("Алтын", "Күміс алқа", "Батыр ана", 1,2 дәрежелі "Ана даңқы" орден иегерлеріне) –19604 теңге төленеді. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 5% -ға арттырылады.
  Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жасалуда, қаңтар айының басында қайта есептелген сома толығымен төленеді.                                                                                                                               
Мұрат ЖАНАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының әлеуметтік төлемдер бойынша Арал аудандық бөлім басшысы 
01 желтоқсан 2021 ж. 683 0