Мемлекеттік қызметкер – елдің азаматы

Елбасының сындарлы жылдардан өту саясатының өзі ұзаққа көз жүгіртіп, стратегиялық бағытта жүрген жолы "Nur Otan" партиясының бағдарламасынан бастау алады. Халықтың назары мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында болғандықтан, партияның барлық бағдарламалық жұмыстары да соның аясында болады. Бүгінде партияның өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысымен өзінің жұмысын алға қарай тартуда. Оның жақтастары да бар. Елбасының күні бүгінге дейінгі жолдаулары мен сарабдал саясаты барша қазақстандықтардың мүддесін ескеруі елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды. Халыққа жасаған жолдаулары болсын,жазған мақаласы мен кітаптары кез келген азаматқа бағдаршам іспетті. Сондықтан да көшбасшылық пен іскерліктің нәтижесі үнемі көрініп тұрады. Жуырда жасаған Елбасының "Тәуелсіздік тағылымы" мақаласында 30 жыл бойы жүріп өткен тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи оқиғаларды сөз еткен. 1992 жылы бүкіл жер бетіндегі қазақтардың басын қосып, құрылтай шақыруының өзі неге тұрады?! Кезінде тарыдай шашылып, қиын-қыстау заманда шекара асқан ата-бабаларымыздың ұрпақтары келіп, туған жердің қара топырағына бас иген сәті,біздер үшін қуаныш емес пе?
Бұл да болса, Елбасының "ел болам десең, етегіңді жина" дегендей, жасалған басқосу болатын. 1993 жылы қаңтар айында елдің ең басты құжаты – Ата Заңымыздың қабылдануының өзі сол елде өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігін ойлауы. Міне,айта берсе көп... Елдің астанасы етіп Сарыарқаның төсінен қала таңдауының өзі саяси астары бар таңдау болды. Дамыған мемлекеттердің тұрпатында қаланы айшықтаудың өзі Елбасының төл еңбегі деп айтар едім. Жеткен жетістік көп. Сол жетістікке талай белестерден өтіп, келген демократиялық Қазақстан қоғамы осы тарихи кезеңде тағылымы мол жаңалықтарды бастан өткізіп келеді. Ауасы таза, суы мөлдір, табиғаты шұрайлы Қазақстан мемлекетінің өркендеуі мен өркениетке бой ұруы оның дамуының белгісі деп ойлаймын.

Ш. Жангүшікова,
аудандық мәслихат депутаты
аудандық мәслихат депутаты