Көреген көшбасшы, сұңғыла саясаткер
Саясаттың негізгі мақсаты – адам, қоғам, ел қамы.
Н.Ә.Назарбаев
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» – деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, жастарының жүзін жалын қақтаған, нағыз патриот та – осы қазақ баласы.
Тарих қойнауына өзіндік өрнегімен қайталанбас ұлы іс жасаған саяси қайраткер, көреген көшбасшы – ол біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанымыз үшін ең бір ауыр кезеңде ел басқару ісін қолға алып, өзінің алысты болжай алатын көрегенділігінің арқасында кең-байтақ, ұланғайыр қазақ даласында жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Іргетасын қалап қана қоймай, жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрды. Әлемді таңғалдыратын ұлы жетістіктерге куә болдық. «Назарбаев моделі» және дамудың «Қазақстандық жолы» қалыптасты. Жаңа мемлекеттің негізін қалаушы, ел алдына мәңгілік мұраттарды көздейтін асқақ мақсаттар қойып, сол мақсаттардың биік шыңына шығаратын бірегей тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев еді.
Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы стратегиялық бастамалары, болашақты болжай алатын көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан бүгінде бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын діңгегіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтастықтың бірегей үлгісі жұртқа үлгі болатындай негізде қалыптасты. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин:
«Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені таңғалдыратыны – оның заман тынысын тап басып танитындығында» – деп оң пікір айтуының өзі Елбасының әрбір шешіміне дұрыс көзқарас қалыптастыра білуінде.
Елбасының Арал тағдыры үшін де алаңдағаны баршамызға аян. Арал үшін шарқ ұрған Елбасының талай бастамаларға куә болғанын халық біледі. Аралдықтарға таза су келуінің ашылу салтанатында да Аралға келген бұлақтың суынан алғаш дәм татқан Президентіміз: – Мынадай таза, дәмді су Қазақстанда жоқ,– деген еді. «Мен Аралға көмектессем деген арманыма жеткеніме қуаныштымын»,– деген. Ел қамын жеген Елбасының Арал туралы жақсы пікір білдіруінің өзі – зор бақыт емес пе?! Аралға келген сапарында Елбасының тарихы тоқсан тарау қайран Аралдың құм басқан қойнауларына көз жіберіп тұрып, «арманым – аяғынан тік тұрғызу, Аралды...»,– деп қалың ойдың шымылдырығын серпіп тастауының өзі – үлкен көрегенділік деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елдегі экологиялық жағдайға Аралдың жайын қатыстыра отырып, айрықша мән берген болатын. Кіші Арал қанатын кең жая бастады. Аралым егеменді елдің бір бөлігіне айнала бастады. Кіші Арал – күллі Аралдың болашағы және Аралды өркендету – Елбасының ұлы арманы еді. Сол арманы орындалды да. Арал өңірінің үнемі Елбасы назарында тұрғаны қуанарлық жағдай. Арал өңірі проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) бірегей жобасы іске асырылды. Бұл жобаны халықаралық сарапшылар «Ғасыр жобасы» деп те атады. САРАТС жобасының жүзеге асырылуы халықтың жағдайына да әсер етті. Өңірдің экологиялық жағдайы жақсаруымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикасы да дами түсті.
Қалай айтсақ та, тәуелсіздігіміз бізге үлкен жетістіктер сыйлады. Қаншама ғасырлар бойы халық армандаған асыл мұраттар орындалды. Алдағы мақсатымыз – Елбасының салған сара жолынан шықпай, тек алға ғана қарыштау.
Бұл – әрбір қазақстандық үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Дана, көреген Елбасы Н.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстанымыз барлық қиындықтардан аман-есен шығып, дүние жүзі таныған абыройы асқақ елге айналды. Өз еліне қамқор, бірегей басшы, әрбір қазақстандықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған нағыз саясаткер.
Елбасымыз әрдайым Қазақстан тарихының төрінде Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы, жарқын істердің жаршысы, болашақтың бағыт сілтеушісі боп мәңгі қала бермек.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», – деп Елбасы айтқандай, іс-әрекеттің жүйелі болуы оның рухы мен ойының үйлесімділігінде және бойындағы иманның тереңдігінде .
Бағила Әуезханқызы,
Қызылжар а