ЕЛБАСЫ ЕСІМІ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ!
Еліміз егемендікке қол жеткізген кезде, мемлекеттің тізгінін сонау қиын-қыстау заманда батылдықпен қолына алған Тұңғыш Елбасымызға айтар алғысымды сөзбен жеткізу оңай емес. Осы орайда, еліміздің астанасына Елбасымыздың есімін беру туралы ұсынысты толық қолдаймын.Осы күнге дейін халқымыздың аңсаған тәуелсіздігін алып, бейбіт заманда өмір сүруіміз Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегінің арқасында деп білемін. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кемеңгер, көреген саясатының арқасында, тек қана жақын елдерде ғана танылып қоймай, әлемнің мықты-мықты деген тұлғаларының құрметі мен ыстық ықыласына бөленіп,нағыз саясаткер, инициатор, реформатор екендігін де көрсете білді.
Сондықтан болар қаншама өзге ел халықтарының азаматтары өздерінде осындай Елбасы болғанын қалайтынын жасырмай да келеді. Қазақты бүкіл әлемге танытқан,елдің бірлігін,болашағын ойлаған ұлт көшбасшысы атанған Елбасымыздың есімінің Елордамызға берілуі орынды және құрметке әбден лайық деген ойдамын.

Алтынбек Қыстаубаев
белсенді жас
www.facebook.com/aralaudani
белсенді жас