Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасына жасалған лайықты сый болды

Елбасына жасалған лайықты сый болды

Соңғы екі-үш күндікте еліміздегі аса маңызды тарихи оқиғаларға куә болып жатырмыз. Шыны керек қаншама жыл елдің еңсесін көтеру жолында күн-түн демей тар жол тайғақ кешкен Елбасы өз өкілеттілігін тоқтатамын дегенде ерекше толқыныста болдық. Себебі, өз күшімен тәуелсіз елімізді осындай мамыражай күнге жеткізген Ұлт көшбасшысының есімі еліміздің елеулі өзгерістерімен бірге келе жатыр еді. Десе де өзі осынлай шешім қабылдаған соң біз оған құрметпен қарадық.
Арада бір күн өткен соң Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Біз бұл бастаманы бірауыздан қолдадық. Себебі, ол кісінің елімізге сіңірген орасан еді. Әсіресе, еліміздің басқаласы Астананы салуда көптеген көңілдерге сенім ұялатты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл бастамаға қоса «Облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек» деген еді. Сол күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған. Нәтижесінде еліміздің бас қаласы «Нұр-Сұлтан» деп аталды.
Енді міне, облыс орталығындағы елеулі өзгеріске де куә болып жатырмыз. Яғни, Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс 39 сессиясы болып, депутаттар Жібек жолы даңғылын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев есіміне ауыстыру туралы шешімді бірауыздан қолдады. Енді біздер Қызылорда қаласындағы маңызды көшесін Н.Назарбаев даңғылы деп атайтын болдық. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қызылорда облысын қысқарту жөніндегі екіұдай ойды мақұлдамай, оған Алаштың анасы ретінде қараған Елбасы ерекше қолдау танытқан еді. Міне, сол қолдаудың арқасында Сыр елі де ай өткен сайын ажарланып келеді.
А.Ермағанбетов,
Көктем елді мекенінің тұрғыны.
22 наурыз 2019 ж. 918 0