Қызылордада Жібек жолы даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев атына ауыстырылды

Сессия отырысында депутаттар Жібек жолы даңғылын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есіміне ауыстыру туралы шешімді бірауыздан қолдады.Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында облыс орталықтарындағы басты көшелерге Нұрсұлтан Назарбаев атын беруді ұсынған болатын.