Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Cотталғандар тарихи мұражайға барды

Cотталғандар тарихи мұражайға барды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеуші азаматтарға тарихи мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. Мекеме қызметкерлері 30-дан астам сотталғанды Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығының екінші бөлігінде орналасқан тарихи мұражайына алып барды. Жылы шыраймен қарсы алған мұражай қызметкері Ұлт Көшбасшысы, сарабдал саясаткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы мен мемлекетті дамыту барысында жасаған ерен еңбегіне тоқталып, Тәуелсіздік жылдарында атты үш залдағы экспозициялық құнды жәдігерлермен таныстырып, Қазақстанның маңызды оқиғалары мен хроникасы, тәуелсіздік кезеңінде болған оқиғалар, еліміздің ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы және қазіргі тарихтағы Елбасының рөлі жайында ақпараттарды жеткізді.
Сотталған азаматтар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы туралы мол мағұлматтармен танысып, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
«Музей – тарих қоймасы, өмір айнасы деп бекер айтылмаған ғой, құнды жәдігерлерден бастап Тәуелсіздіктің туындыларымен таныстық, мол мәлімет алдық. Музейден үлкен әсер алып, рухани тұрғыда байып қайттық. Осы шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне мен музей қызметкерлеріне алғысым шексіз»,-деді сотталған азамат.
Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
13 желтоқсан 2021 ж. 600 0