Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пробация қызметі есебіндегі сотталғандар мұражайға барды

Пробация қызметі есебіндегі сотталғандар мұражайға барды

Пробация қызметі есебіндегі сотталғандар үшін тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды

Жақында Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация  есебіндегі азаматтар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.
Азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген экскурсияға 20-ға жуық сотталған барды. Мұражай қызметкерлері есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағұлмат берді.
Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкенің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан тамаша әсер алған пробациялық бақылау белгіленген азаматтар пробация қызметкерлеріне алғысын айтты.



Қызылорда қалалық пробация қызметі
17 наурыз 2021 ж. 659 0