ПРОБАЦИЯ ЕСЕБЕНДЕГІ АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудандық прокуратура және пробация бөлімінің қызметкерлері пробация есебіндегі азаматтардың тұрғын үйлерін аралап, шартты түрде жазасын өтеушілермен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету.
Аталған азаматтармен кездескен прокуратура және пробация бөлімінің қызметкерлері, олардың жағдайларын біліп, ой-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алу және медициналық мекемелерден қажетті жағдайда ем қабылдау жолдарын түсіндірді.
Жыл басынан бері пробация есебіндегі 3 азамат кәсіпкерлік бағытта оқу курсын аяқтап, қайтарымсыз грант иеленді. Қазіргі таңда өз кәсіптерін жүргізуге дайындық шараларын жүргізуде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.