Пробация есебіндегі әйелдерге құрмет көрсетілді

Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Б. Жұмаш, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев, ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жамуров, «Probono» қоғамдық қоры есептегі азаматшаларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Департамент бастығы Ш.Есенкелдиев пробация есебіндегі азаматшаларға өмірде кездесетін қиындықты жеңе білу үшін сарқылмас күш-жігер, қажымас қайрат пен келешекке деген сенімділік, отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін деп жылы лебізін жеткізді.
kyzylorda-news.kz