14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсы өтеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, жауын-шашын, тауларда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар облысында, Қостанай облысының шығысында тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде және шығысында – тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз таулы асуларда желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, күндіз Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Қызылорда облысының орталығында – тұман түсіп, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таулы аудандарда жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
kyzylorda-news.kz