Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаңыз оқуда озат болуы үшін не істеу керек?

Балаңыз оқуда озат болуы үшін не істеу керек?

Ғалымдардың пікірінше, ата-анасы мектепте озат оқыған балалардың жақсы баға алуға мүмкіндігі мол. Десе де баланың мектептегі жетістігінде ген мен ақыл-парасаттың рөлі айтарлықтай маңызды болмай шықты.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
«Дұрыс гендер» мен олардың бағаға әсері
Екі жыл бұрын Nature журналында жарияланған мақалада авторлар білімге кұштарлыққа жауап беретін ДНҚ бөлігін анықтағанын мәлімдеген еді. Ғалымдар адамның ДНҚ-сының білім алу қабілетін әрес етеді деп болжанған 74 аумағын тексерген.
Осы орайда анықталған генетикалық нұсқалардың басым бөлігі геномның ересек адамда белсенді емес болып табылатын аумағында орналасқан. Олар сәбидің құрсақтағы даму сатысымен байланысты болғандықтан, сәби дүниеге келгеннен кейін әлденені өзгерту мүмкін емес. Алайда табылған нұсқалар үлгерім деңгейіндегі аздаған ерекшелікке жауап береді. Десе де бұл 1 пайыздан аспайды. Мысалы, «дұрыс генді» адамдар түйсінген білімді «жақсы гені» жоқ адамдарға меңгеру үшін шамамен 2 ай уақыт керек екен.
Мақала авторларының сөзінше, ДНҚ-ның аталаған бөлігін «білім гені» деп атауға болмайды. Түрлі зерттеуге қарағанда, мектеп оқушысының бағасына қоршаған ортасының әсері аз емес.
Озат оқушының ата-анасы қандай болуы керек
Гендер мен қоршаған ортаның әсерін түсіну үшін, әр түрлі отбасында өскен егіздердің қатысуымен көлемді зерттеу жұмысын жүргізу керек. Алайда мұндай егіздер саны өте аз.
Ұлыбританиялық ғалымдар 6 653 егіздің арасында сауалнама жүргізіп, атадан балаға ақыл-парасаттан гөрі, үлгерімі көбірек берілетінін анықтаған. Бұл көрсеткіш шамамен 62 пайызды құрады.
Яғни оқуда озат болған ата-ананың балалары үштікке оқыған ата-ананың перзенттеріне қарағанда жақсырақ оқитын болады. Сондай-ақ, мұнда баланың қабілетінің маңызы жоқ. Бұл жерде баланың жеке қасиеттері, тәртібі мен өзін ұстай білуі айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Оған қоса оқушының мектептегі жетістігі үйдегі және мектептегі жағдайға, өзінің хал-ахуалына дй байланысты.
Осылайша жақсы отбасында өскен балалар ерте дамыту және мектепке дайындық курстарына бармаса да, оқуды, санауды ерте үйренеді. Бұл АҚШ ғалымдарының пікірі.
Бірнеше зерттеудің нәтижесі бойынша, баланың мектептегі бағасының деңгейінде отбасындағы жағдай шешуші фактор болып табылады. Швед ғалымдары анықтағандай, ата-анасы жиі күйзеліске түсетін балалар жақсы отбасында тәрбиеленген сыныптастарына қарағанда нашар оқиды. Сонымен қатар мұның керісінше жағы – мектептегі төмен баға психикалық бұзылыстардың даму және болашақта суицид жасауға талпыну қатерімен байланысты.
Ғалымдар түсіндіргендей, мектептегі төмен баға түлектерге жақсы оқу орнына түсуге кедергі келтіріп, өмір сүру деңгейін төмендетеді.
Ал мектепте жақсы оқығандар әдетте ұзақ өмір сүреді. 55 жыл бойы шотландиялықтар тобын бақылаған ұлыбританиялық ғалымдар мектепте үздік оқығандардың 92 пайызы 65 жасқа дейін өмір сүргенін анықтаған. Ал үлгерімі төмен әрі тәртібі нашар болғандардың тобында 83 пайызы осы жасқа жеткен.
Қыздар қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы
Сонымен қатар сыныпта қыздар қаншалықты көп болса, ұлдардың соншалықты жақсы оқитыны анықталған.
Ғалымдар әлемнің 33 еліндегі 280 мың оқушының мәліметін тексеріп, қыздардың үлгеріміне ата-анасының білімділігінің деңгейі әсер ететінін анықтаған. Ал ұлдардың оқу үлгеріміне сыныптас қыздардың саны ықпал ететін болып шықты. Егер сыныптағы оқушылардың 60 пайыздан астамы қыздар болса, онда олардың оқу үлгерімі бір жарым есе артады.
Stan.kz
03 қыркүйек 2018 ж. 1 253 0