Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда зираттан табылған сәбидің өліміне анасы күдіктелуде

Оралда зираттан табылған сәбидің өліміне анасы күдіктелуде

БҚО-дағы Дерқұл ауылында зират басынан табылған сәбидің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Мой город.

Полицейлердің айтуынша, сәбиді зират басына анасы тастап кеткен. Ол 1985 жылғы келіншек болып шықты. Сәбидің анасы екенін мойындады. Балалары бар.
«Тергеу жүріп жатыр. Полицейлер сәбидің анасының жеке тұлғасын екі күннен соң анықтады. Сараптама бойынша, сәби мен анасының сәйкестігі 99,9%-ды құрайды», – дейді қалалық ІІБ орынбасары Нұрлан Бисенов.
Жаңа туған нәрестенің денесі 5 наурыз күні табылған. Сәбидің денесін иттер талап тастаған.
Баланың өлімінің нақты себебі өзге сараптама қорытындысы нәтижесінде белгілі болады. Сәбидің анасы 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кристина Кобина
Stan.kz
26 сәуір 2018 ж. 1 320 0