Доллар бағамы төмендеді

Айырбастау пункттерінде долларларды 436,4-438,5 теңгеден, еуроны - 492-495,5 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль болса 5,92-5,99 теңгені құрады.
Сонымен қатар 23 желтоқсанда мұнайдың әлемдік бағасы сауда-саттық барысында өсуде.
Қаңтар айында WTI мұнай фьючерстері 0,26%-ға өсіп, барреліне 72,95 долларды құрады.
Ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,25%-ға - барреліне 75,48 долларға дейін өсті.