Қазақстанда 32 градус аяз болады

Олардың болжамынша, солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Соның әсерінен қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Артынша суық ауа массалары ығысып, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік жартысында түнде термометр бағаны 25-32 градусқа дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
kyzylorda-news.kz