Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 қаңтардан бастап «көк» статусы барларға шектеу қойылады

5 қаңтардан бастап «көк» статусы барларға шектеу қойылады

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шараларды енгізу жоспары туралы мәлімдеді.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне; спорттық орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «ASHYQ» қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізуді ұсынамыз, - деп айтты ол.
Жандос Бүркітбаев  осы норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.
ДСМ өкілі сөз соңында халықты вакцина салу, жаппай ревакцинация жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейтінін айтты.

baq.kz
28 желтоқсан 2021 ж. 503 0