29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
kyzylorda-news.kz