Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау тигенде ең алдымен не істеу керек?

Тұмау тигенде ең алдымен не істеу керек?

Адам жылына екі-үш рет тұмаумен ауыратыны анық. Суық тию, вирус жұқтырудың соңы тұмауратуға алып келеді. Оның үстіне, қазіргі пандемия тұсында тұмауды асқындырып алмаудың маңызы зор.

Сондықтан асқынуға жол бермей, ЖРВИ мен тұмауды тоқтатудың жолдарын білген жөн. Олай болмаса, пневмония, гайморит, тонзиллит сынды ауруларға ұласып кетуі мүмкін.

Ендеше тұмау тигенде не істеу керек?

Ұлыбританияның денсаулық сақтау қызметінің мамандары келесідей кеңестерді ұсынады:

- Жақсылап демалу және ұйқыны қандыру;

- Жылы киіну;

- Ыстықтай көбірек сұйықтық ішу;

- Тамақты тұзды сумен шаю.

ЖРВИ басталғанда симптоматикалық емдеумен, яғни, байқалған белгілерді емдеумен айналысқан абзал. Дене қызуы 38,5°С градусқа жеткенде, қызу басатын дәрі-дәрмектерді ішу, мұрын бітеліп ірің толып қалса, тамшы тамыз сынды ем-шараларды жасауға болады.

Ал Америкалық Mayo клиникасының мамандары тұзды сумен тамақты да, мұрынды да шайып емдеуге болатынын айтады. Жөтел басталса, ыстық шайға бал қосып ішкен жақсы. Сондай-ақ ауруды басу мен қызуды түсіру үшін вирусқа қарсы дәрілерді ішуге болады.

massaget.kz​​​
29 желтоқсан 2021 ж. 442 0