Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар байланыс ұстамаған күндер үшін телефон ақысын қайта есептете алады

Қазақстандықтар байланыс ұстамаған күндер үшін телефон ақысын қайта есептете алады

Енді қазақстандықтар байланыс болмаған күні телефон үшін төлейтін ақыны қайта есептеуді талап ете алады. 9 қаңтардан бастап елімізде байланыс және ғаламторға қосылу қызметтерін көрсету ережелері өзгереді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұдан былай байланыс операторлары тариф шарттарын тек абоненттің келісімімен өзгерте алады. Ол үшін кемі 30 күн бұрын телефон арқылы немесе жазбаша түрде ескертуі қажет. 
Осы уақыт ішінде абонент тарифтің өзгеруінен бас тартатыны туралы өтініш қалдырмаса, ол шарттардың өзгеруімен келіседі деп есептелінеді. Сондай-ақ, телефон байланыс операторлары жылына бір рет қана тарифты ауыстыра алады. Тиісті құжатқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қол қойды.

kyzylorda-news.kz
31 желтоқсан 2021 ж. 345 0