"Омикрон – коронавирустың соңғы штамы": Қазақстандық дәрігер пендемияның қашан аяқталатынын болжады

“Омикрон – бұл тағы бір ауру толқынын тудыратын соңғы "мутанттардың" бірі болуы мүмкін. Дегенмен коронавирус белгілі бір дәрежеде мутациялануды шектейді. Осындай індеттердің табиғи нәтижесі – вирус жұқпалы бола түседі, бірақ өзінің патогендік қасиеттерін жоғалтады”, – дейді профессор.
Алмаз Шарман "омикрон" басқа штамдарға қарағанда төзімді болса да, қауіпті топтағы адамдар үшін вирус әлі де қауіпті екенін атап өтті.
Сондай-ақ дәрігер балалардың бұл штамды басқаларға қарағанда жиі жұқтыратынын растады. Шарман Алмаз мерекеден кейін елде пандемияның бесінші толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан бұл күндері қонақтарға арналған жаппай іс-шаралар мен сапарлардан сақтанудың маңызын атап өтті.
stan.kz