Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теріні әдемі етудің жылдам әрі қарапайым әдістері

Теріні әдемі етудің жылдам әрі қарапайым әдістері

Теріге күтім жасаудың ерте-кеші жоқ. Мүмкіндік болса, сапалы күтім құралдарын сатып алуға, уақытылы косметологқа баруға және демалыс сайын таза ауаға (мысалы, тауға) шығуға болады. Алайда жылдам әрі қарапайым ережелерді сақтай отырып та, сұлулыққа қол жеткізуге мүмкіндік бар.

Суық су
Су — денсаулығыңыз бен сұлулығыңыздың кепілі. Әсіресе, суық су тері үшін бағалы. Суық су терімен жанасқанда қан айналым қарқындылығын көтереді, тонус береді және ісінуді басады. Сондай-ақ, ұйықтар алдында бір стақан лимон қосылған су ішкен пайдалы. Ол теріні ылғалдандыруға көмектеседі және түні бойы ағзаны уыттардан тазартады. Лимон қосылған суды таңертең ішкен де артық етпейді: ол метаболизмді арттырады, яғни, тері жағдайын жақсартады.

Спорт
Сау сыртқы келбетті сақтау үшін жеңіл гимнастикалық жаттығуларды, йога немесе кардионы қосудың өзі жеткілікті. Әрине, бұл біраз уақытты қажет етеді, бірақ міндетті түрде нәтижені байқайсыз. Тональді кремдер бет терісіндегі кемшіліктерді жасыра алғанымен, оларды жеңе алмайды.

Жүгіруге ерекше көңіл бөлген жөн. Себебі жүгіру кезінде қан айналым артады, тіндер мен органдарға көбірек оттек келеді. Сол арқылы нағыз тері белсенді қанығады. Бұл регенеративті процестердің іске қосылуына және терінің негізгі құраушысы — коллагеннің қарқынды бөлінуіне әкеледі.

Тері массажы
Жүйелі массаж бет бұлшықеттерін ынталандырады және тері жасушаларына көбірек оттек жетуіне көмектеседі. Басқаша айтсақ, ол теріге anti-age әсерін береді. Коллагеннің өңдірілуі артады, ал онымен бірге тері реңкі де жақсарады. Бет массажын жасау кезінде жақсы сарысу немесе ылғалдандырушы құралыңызды қолданыңыз. Осылайша, бет терісіне массаж жасайсыз және күтім құралының теріге жақсы әрі терең сіңуіне көмектесесіз.

Сауна
Саунаның құрғақ ауасы мен терлеу терінің тереңдігінен уыттардың толық шығуына ықпал етеді. Сондай-ақ, өлген жасушалардың артық қабатынан арыласыз.

Дұрыс ұйқы
Түнде 8 сағаттан аз ұйықтамаңыз. Жібек немесе атлас тысы бар жастыққа жатыңыз. Жібекте табиғи протеиндер мен аминқышқылдардың бірнеше қатары бар. Олар тері мен жалпы ағза саулығы үшін маңызды. Сондай-ақ мұндай сапалы материалдарда ұйықтау таңертең бетіңізде пайда болатын іздерден құтқарады. Сонымен қатар, түнде ұйықтаған кезде шашыңызды бос етіп жинап немесе өріп жатқан жөн. Себебі шаш бетінде бактериялар мен ластықтар жиналады: олар бет терісінің жасушаларына еніп, безеулердің шығуын ынталандыруы мүмкін.

massaget.kz
11 қаңтар 2022 ж. 505 0