Қызылордада блок-бекеттен өтпек болған автокөліктен аса ірі көлемде есірткі табылды
Қызылорда қаласының аумағындағы блок-бекетте «Honda Odyssey» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық «марихуана» есірткі заты анықталды.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі көлемде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Бүгінгі күні іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.
kyzylorda-news.kz










