ДДСҰ: «Омикрон» қарт адамдар мен вакцина алмағандар үшін қауіпті

Жаңа штамды жұқтырып, қаза тапқандардың көпшілігінде иммунитет әлсіз және созылмалы аурулары болған. Ал вакцина алғандар коронавирусты жеңіл өткереді. ДДСҰ мамандары омикронның дельта штамымен салыстырғанда қауіп деңгейі төмен болғанымен, жеңіл қабылдауға болмайтынын айтады.
«Омикрон жұқтырғандар арасында жеңіл өткенімен, оның қауіпті вирус екенін ұмытпауымыз керек. Әсіресе вакцина алмағандар үшін. Вируспен қатар өмір сүру өлім деңгейінің көптігіне көз жұмып қарау дегенді білдірмейді. Бұл инфекцияның таралуына жол бермеуіміз керек», – деді ДДСҰ директоры Тедрос Адхан Гебрейесус.
kyzylorda-news.kz