Қызылорда облысында төтенше жағдай талабын бұзған 289 адам анықталды

Облыстық полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытында жедел іс-шаралар жүргізіп келеді. Өңірде 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай режимі жарияланып, оған қатысты негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 289 адам анықталды. Оның ішінде Әкімшілік кодекстің 476-бабымен - 215, 488-бабымен - 74 құқық бұзушылық тіркелді. Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік соты 7азаматқа ескерту беріліп, 28-не айыппұл салынса,186-сы әкімшілік қамауға алынды. «Өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ түрлі құқыққа қарсы іс-әрекеттерге жедел назар аудару. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда» ,- деді Қызылорда облысының коменданты, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.