Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Індетті жеңудің бірден-бір жолы – екпе алу

Індетті жеңудің бірден-бір жолы – екпе алу

Елде эпидемиологиялық ахуал қайта нашарлай бастады. «Омикрон» штамы анықталғалы бері коронавирустық індет жұқтырғандардың қатары көбейіп келеді. Елімізде соңғы күндердегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция  жұқтырғандар саны 10 мыңнан асып кеткен.
Эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.. «Сары» аймаққа  Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары енді.  «Жасыл» аймаққа  Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары қалып отыр. Елімізде вирустың жаңа штамының белсенділігі артып келе жатқаны да көпшілікті алаңдатуда.
Мамандардың айтуынша, "Омикрон" штамына тән ерекшеліктердің бірі – ол коронавирустың осыған дейін белгілі болған штамдарына қарағанда, дәм мен иіс сезу жоғалмайды. Бұл штамға тән симптомдар – жалпы әлсіздік, тамақтың ашуы, дене қызуының көтерілуі, дененің қақсап ауыруы мен құрғақ жөтел. Вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу, оның есінеуі, тіпті дем алуының өзі бұл індетті жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
"Омикрон" штамы әлемнің 126 елінде, тіпті ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі тіркелген елдерде де анықталған. Індетке шалдыққандардың дені вакцина салдыр­мағаны айтылуда. Сондықтан вакцина­лауға самарқау қарауға болмайды. Бұл инфекцияға қарсы күрестің бірден-бір жолы – осы вакцинаны алып, иммунитетті қалыптастыру. Індетті жеңу – әрбіріміздің өз қолымызда. Бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты ұстану өте маңызды. Өйткені бұл сіздің және өзге де жандардың денсаулығы үшін аса қажет.
К. ҮМБЕТОВА,
ауданаралық аурухананың терапия бөлімшесінің аяжаны
14 қаңтар 2022 ж. 457 0