Бас сақинасы жас талғамайды

Бастың сақинасы ұстағанда кейде адамның көз көрмей, сөйлей алмай, саусақтар шаншып, әлсізденеді. Адам шу мен жарықты көтере алмай жатады.
Бас сақинасы жас талғамайды. Негізінен 20-30 жаста пайда болып, 50 жастан соң басылады. Бұл ауру кейде тұқым қуалайды. Бас сақинасымен күресетін дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауымен ішу керек.
Мамандар оның жиілігінің әртүрлі екенін айтады. Кейде күніне 1-2 рет, кейде ұзақ, кейде тіпті жылына 2-3 рет болады дейді. Бұл ауруға шалдыққан науқастың басының не сол жақ, не оң жақ бөлігі ауырсына бастайды, көзі шаншып, қатты күйгелектенеді.
Бұл жағдайда құрамында В дәрумені бар азық-түлікті тұтынған жөн. Шоколад, кофе, шай, цитрусты тағамдар ағзаға жақпаса, бас ауруын тудыруы мүмкін. Жаңғақтар, сүт өнімдерін көбірек жеген абзал.
massaget.kz