Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

21 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

ҚР территориясының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен көбінесе қар, жаңбыр жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының орталығында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, солтүстігі мен таулы аудандарында жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнде Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ болып, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

kyzylorda-news.kz
21 қаңтар 2022 ж. 288 0