Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады. 

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Ал фронталды бөліктер еліміздің батысы мен оңтүстігіне көбінесе қар мен қар аралас жаңбыр, әкеледі. Олармен бірге жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 
Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 
Күндіз таулы аудандарында көктайғақ болады. Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, тау асуларында желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз таулы аудандарда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, түнде солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. 
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында, Атырау облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығын тұман басады.

baq.kz
22 қаңтар 2022 ж. 464 0