Жаппай тәртіпсіздік: 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Оның айтуынша бүгінге жедел тергеу топтарымен 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар терроризм актісімен – 45, жаппай тәртіпсіздікпен – 36, 15 адам өлтіру деректері тіркелген.
«Ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне қатысты күш қолдану фактілерімен қылмыстық істер тергелуде.Бұл істер бойынша 970 күдікті қамауға алынып, олардың ішінде 182-сі соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, 29-на қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталды»,- деді Елдос Қилымжанов.
kyzylorda-news.kz