«Болашақ» президенттік бағдарламасына жаңа басшы келді

Жанғозин – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Ол 1986 жылы дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасын «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2011 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған.
2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
