Ертең Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады

«Естеріңізге сала кетейін, бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер университеттерге ақылы негізде түсу үшін қатысады. Аймақтағы 7514 мектеп бітіруші түлектің 6106-ы немесе 81% қатысуға өтініш білдірді. Алғашқы тестілеу күнінде 203 түлек қатысады деп жоспарлануда. Ол үшін 3 тестілеу пункті жұмыс жасайды», – деді Ақзира Бақтыбайқызы.
Айта кету керек, барлық білім беру ұйымдары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасайтын болады.
kyzylorda-news.kz