Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктайғақ: Қызылордада жол жабылды

Көктайғақ: Қызылордада жол жабылды

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыз болуынан «Шымкент-Самара» тасжолының бірқатар бөлігінде жол жабылды.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, «Шымкент-Самара» тасжолының 1473-1939 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына жол жабық. Бұл Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би және Шиелі кентінің аралығын қамтиды.
Сонымен қатар, 28 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00.00 бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласынан бастап Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігінде бүкіл көліктердің жүруіне тыйым салынды.
Сондай-ақ облыс орталығындағы көшелерде де көктайғақ көрініс берді. Осыған орай қала әкімдігі мәлімдеме жасады.
«Қазір көктайғақты болдырмау үшін коммуналды сала қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Оған «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің 32 бірлік арнайы техникасы мен 120 қызметкері жұмылдырылды. Мамандар тәулік бойы ауысыммен жұмыс жасайды. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз», – делінген хабарламада.

kyzylorda-news.kz​​​
29 қаңтар 2022 ж. 393 0