Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды

Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды

Қызылорда облысында полиция қызметкерінің киімін киген мекеме тазалық мекемесінің жұмысшысы жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында полиция қызметкерінің арнаулы киімін киіп алып, тазалық жұмыстарын атқарып жүрген жас жігіттің бейнежазбасы тараған болатын. Осыған байланысты учаскелік полицейлер іздестіру жұмыстарын атқарды.

«Нәтижесінде 24 жастағы қала тұрғыны басқармаға жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабы 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Онда айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру жағдайы көрсетілген», деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
29 қаңтар 2022 ж. 398 0