Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Індетті жеңудің жолы – екпе алу

Індетті жеңудің жолы – екпе алу

Пандемиядан үш жылдан бері арыла алмай келеміз. Бұл індетпен күрес әлі де жалғасуда. Біресе бәсеңдеп, жайбарақаттыққа салына бастағанда тағы өршіп, көпшіліктің алаңдаушылығын тудыруда.
Қазақстанда өткен тәулікте 7491 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 1194, Алматы қаласы – 1556, Шымкент қаласы – 26, Ақмола облысы – 715, Ақтөбе облысы – 78, Алматы облысы – 305, Атырау облысы – 168, Шығыс Қазақстан облысы – 189, Жамбыл облысы – 103, Батыс Қазақстан облысы – 263, Қарағанды облысы – 954, Қостанай облысы – 586, Қызылорда облысы – 55, Маңғыстау облысы – 53, Павлодар облысы – 880, Солтүстік Қазақстан облысы – 341, Түркістан облысы – 25. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1233488.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 4 176 адам коронавирус жұқтырған. Бүгінде өңірде коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз болып тұр. 30 қаңтардан бастап облысымыз «сары» аймақта. Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23 707 адам тіркелсе, науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан.
«Айта кетерлігі, 11 қаңтардан бері қатерлі індетті тәулігіне 100-ден жоғары жұқтыру дерегі тіркелген. Ал 28 қаңтардан бастап аурушаңдық көрсеткіштері төмендей түсті. Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 55 адам тіркелді. Олардың басым көпшілігінде клиникалық белгісі анықталған жоқ. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 16 адамды құрады. Өңірде қазір 2 327 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған», – делінген  облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің берген мәліметінде.
Індетпен күрес мақсатында вакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дегенмен тұрғындар арасында әлі де болса бейқамдық аңғарылады. Сондықтан әрбір азамат өзіне, айналасына, жақындарына жанашырлық танытып, індеттен құтылудың жалғыз жолы  – екпе алуы керек.

"Толқын" ақпарат
01 ақпан 2022 ж. 392 0