6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, батысы мен оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да жоғары болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады, Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан да жоғары күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман болып, облыстың шығысы мен орталығында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі, 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде түнде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз бұрқасын болады, облыстың орталығында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – жаяу бұрқасын болып, батысында, шығысында, облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
kyzylorda-news.kz