Қызылордада 90 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Бүгінгі күні белсенді ошақтар саны – 807, ал ұйымдасқан ұжымдардағы ошақ саны 42-ті құрайды.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясын ПТР әдісімен анықтау бойынша облыс көлемінде 12 зертхана жұмыс жасайды. Барлық зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 3620 анализді құрап отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетовтың айтуынша, облыста вакцинацияның І – компонентімен 422 189 адам егілді, халықтың қамтылуы 93,3 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 409 864 адам алды.
«Pfizer» вакцинасымен 38 746 адам оның ішінде 34 102 жасөспірім, 1908 жүкті әйел, 3530 емізулі ана қамтылды. Сондай-ақ, бүгінде 90 488 өңір халқы ревакцинациядан өтіп отыр.
kyzylorda-news.kz