Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады»: Алик Шпекбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы

Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады»: Алик Шпекбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау туралы

Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесті.
Кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Алматы және Шымкент қалаларындағы, Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы аумақтық департаменттердің басшылары, этно-қауымдастықтардың өкілдері, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өңір тұрғындары қатысты.
Алик Шпекбаев факторлы-балдық жүйесы мен бонустар негізіндегі мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы жүйесіне баса назар аударды.
Ол қызметкерлердің жалақысын екі есеге арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы жалақы айырмасын 70%-дан 10%-ға дейін төмендетудің оң нәтижесін атап өтті. Оның нәтижесінде , бір орынға конкурс 3 есе артқан. Бүгінгі күні бір бос мемлекеттік лауазымға екі үміткердің орнына алты адам келетін болған.
Агенттік төрағасы жоғары тиімділік көрсеткіштері бар қызметкерлер жыл сайынғы жалақы мөлшерінде сыйақыға үміттене алады және бұл өз кезегінде ипотеканы рәсімдеуге немесе автокөлік сатып алу үшін жақсы мүмкіндік екендігін атап өтті.
«Өзгерісті өзіңнен баста» принципі бойынша, бүгінгі күні Агенттік мемлекеттік аппаратта оңтайландыру процесінің драйвері болып табылады.
Мысалы, егер біз барлық мемлекеттік органдардың кадрлық процестерін орталықтандыратын болсақ, болжамды оңтайландыру жылына 5,5 млрд. теңге үнемдейтін шамамен 4 600 бірлікті қамтиды», - деді ол.
Алик Шпекбаев қосалқы қызметтерді орталықтандыру және кадрлық құжатайналым бойынша Ортақ қызмет көрсету орталығын құру тәжірибесі туралы әңгімеледі.
«Қазір біздің персоналды басқару қызметкеріміз 14 есе тиімді. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің арқасында ол 30 адамның орнына 400-ден астам адамға қызмет етеді. Жылдың соңына дейін орталыққа жалақыны есептеу функциясы беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар мен заң қызметтері орталықтандырылған», - деді ол.
Агенттік Төрағасы Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросын оңтайландыруды мысал ретінде келтірді.
Алик Шпекбаевтың айтуынша, Президенттік сыйақыны және оңтайландыруды ескере отырып, Ұлттық Бюро орталық аппаратының офицерлері 232 мың теңге орнына 410 мың теңге, ал аумақтық департаменттер - 152 орнына 350 мыңға жуық еңбекақы алатын болады.
«Біз басқарушылық лауазымдарды екі есеге қысқарттық, бұл атқарушы билікті 25% нығайтты.
Артық құрылымдарды қысқарттық, оның ішінде ауданаралық басқармалардың үштен екі бөлігін қоса алғанда. 26 басқарма бөлімдерге, 34 бөлім топтарға өзгертілді.
Орталық басқаруды күшейте отырып, ішкі қауіпсіздік аумақтық департаменттерін оңтайландырдық.
Осы шаралардың кешені басшылардың орындаушыларға ара қатынастарын өзгертті. Егер бұрын бұл көрсеткіш 1: 2 болса, онда оңтайландырудан кейін - 1: 7, бұл бізді халықаралық менеджмент стандарттарына жақындатады», - деді ол.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірінші басшыларға мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу үшін жұмыстан босатылған қаражатты пайдалану жөніндегі қызметкерлердің санын және ағымдағы әкімшілік шығыстарын оңтайландыруға құқық беретін қаулы енгізілгендігін айтты.
«Әріптестер, мен сіздерге Агенттік пен Ұлттық бюроны оңтайландыру туралы егжей-тегжейлі айтуым жайдан-жай емес. Жаңа жалақы жүйесіне көшу - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады дегенді айқын түсіну керек.
Болашақта Жамбыл облысының әкімдігімен қоса әрбір мемлекеттік орган тексерілген тәсілдерді енгізе алады. Ол үшін сізде қажетті резервтер бар, бос орындар бар», - деді Алик Шпекбаев қатысушылар алдында.
Қазіргі уақытта Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері 1 қазаннан бастап жаңа жүйеге ішкі резервтер есебінен өтуге дайын екендігін білдірді.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы айта отырып, олардың электрондық форматқа тездете аудару ¾-ке тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік берді.
«Ақпараттық жүйелердің интеграциясына келетін болсақ, ол қазірдің өзінде 30%-дан асады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлескен жұмысымыздың 8 айында 2,5 есеге деректер базасы интеграцияланды(соңғы 10 жылмен салыстырғанда).
Біздің басты мақсатымыз – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі факторы ретінде онлайн қызметтерге толық көшу», - деді Алик Шпекбаев.
Сонымен бірге, Агенттік Төрағасы Жамбыл облысында бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша жобаны табысты іске асырылып жатқандығын атап өтті.
Жиналысқа қатысқан Жамбыл облысына салынған инвестициялар және Агенттікке деген сенімдері үшін бизнесмендерге алғысын білдіре отырып, ол Агенттіктің аумақтық департаменттеріне және Ұлттық Бюроға инвесторларды қолдау, көмек көрсету және қорғау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
«Жамбыл облысында 160 млрд теңгені құрайтын 4 жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде.
Біздің жобаларымыздың әрқайсысы өңірлердегі кәсіпкерлердің заңды құқықтарын тиімді қорғауы керек. Бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау - инвестицияларды тартудағы біздің еліміздің «қызығушылық тударытаны құралына» айналуы тиіс», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы.
Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова және «Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобалық бөлімінің басшысы Гүлмира Қабиева сөз сөйледі.
Жұмыс сапары аясында Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатысып, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті және шетелдік инвесторлармен, бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2018 ж. 813 0