«Қызыл» аймақта сегіз өңір қалды
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта 8 өңір қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.