Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарт адамдардың ұзақ жасауының сыры

Қарт адамдардың ұзақ жасауының сыры

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн, яғни қарт адамдардың тамақтану ережесіне мән беру керек. Қалыптан тыс тамақтанбау, майлы, тәтті, күшті тағамдарды жемеу, мүмкіндігінше барынша тамақтану, тұзсыз, майсыз тамақтарды тұтыну, тамақтан соң жеңіл қимылдау, тамақты көп шайнап, қорытып жеу қарт адамдарға маңызды.
         Көптеген жасы үлкен адамдар өздерінің нашар күйлері туралы шағымдануда. Олар бұны өздерінің жасымен байланысты деп есептейді. Бұл әрқашан шындық болып табылмайды. Осыған көкөністер мен жемістер көмектеседі, бірақ, ең дұрысы, оларды буда дайындаған жөн. Олар қартаю үдістерін тоқтатады, қатерлі ісік пен атеросклероздың пайда болу  мүмкіндігін азайтады. Тағы осы жасы ұлғайған кісілер үшін қозғалыс және дене шынықтыру өте маңызды. Бұл жаста қозғалудың тамаша тәсілі жаттығу, жаяу жүру, велосипед тебу және теннис болып табылады. Денсаулық жағдайына және күш-жігеріне сәйкес келетін дене шынықтырудың  әрбір түрі пайдасын тигізеді. Бұл тіпті, бау-бақшадағы  жұмыс немесе бірлесіп тамақ дайындау болуы мүмкін.
Адам жасы ұлғайып, қартайған шағында оның ағзасында үлкен өзгерістер болады. Кейбір ата-әжелеріміз тез ренжігіш және әр нәрсеге бала сияқты қуанады. Әрине мұның бәрі адам жүйкесінің тозуына байланысты. Біз кішкентай балаларға қалай көңіл бөлеміз, дәл сондай қарияларға да көңіл бөлу керек. Олардың тамақтануы, ұйқысы және күнделікті отырып тұруына, тіпті жуынуына да көмектесуіміз керек. Күтім жақсы болса, олар ұзақ өмір сүреді. Қария адамдардың көбіне ұйқысы бұзылады, түнде ұйықтай алмай, күндіз маужырап отырады. Оған себеп – жоғарғы нерв жүйесі бұзылған, әр түрлі күйзелістің әсері.
         Қарт адамға қарау – әркімнің міндеті. Олардың көңіліне келетін ауыр сөздер айтпай, жылы қабақ таныту керек.
М. САИМОВА,
«Арал аудандық ауруханасына» қарасты Жастар денсаулық бөлімшесінің маманы
11 ақпан 2022 ж. 580 0