Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зердеңізде кінарат байқасаңыз...

Зердеңізде кінарат байқасаңыз...

bilim-all.kz Ұмытшақтық зердеңіздің әлсірегенінің белгісі бола қоймас, бірақ ол күнделікті өмірді қиындатып, көңіл күйіңізді бұзады. Ондайға жол бермеудің амалдары да бар.— Дәріханадан розмариннің немесе базиликтің эфир майын сатып алыңыз. Солардың иісін жұтқаныңызда бетатолқындар ағымы күшейеді, бұл ми белсенділігінің артқанының белгісі. Әлгі эфир майының бір тамшысын шашыңызға, қол басына, не киіміңізге тамызып қойсаңыз,
иісін ұдайы сезініп отырасыз. Бөлмеге титімдей шашуға да болады.
— Кофеин бар сусын адамның зейінін бір нәрсеге шоғырландыру қабілетін аз уақытқа болса да арттырады. Кейде кофе ішу ұзағырақ жақсы нәтиже береді. Португалия зерттеушілері күніне үш-төрт шыныаяқ кофе ішетін қарт адамдардың зердесі ішпейтіндерден жақсырақ жұмыс істейтінін анықтады.
— Күн сайын екі қалақты гинкго шөбінен жасалған дәрмектің 120 мг-ын ішіп алыңыз. Бұл шөп мидағы қан айналымын күшейтеді, мұның өзі мидың жасушаларының қаннан оттегіні барынша көп жұтуына көмектесіп, олардың жұмысқа ынтасын арттырады. Германияда гинкгоның кәдуілгі сықпасын зерденің (инсульттың да) әлсіреуінің алдын алу үшін көбіне қарт адамдарға ұсынады. Егер миыңыздағы қан ағысының деңгейі төмен болса, гинкго дәрі-дәрмегі (мысалы, танакан) өте жақсы көмектеседі.
— Мидың қанмен қамтылуын жақсарту үшін көбірек жүріп-тұру керек. Дене шынықтыру жаттығулары мидағы жүйке жасушаларының санын ұлғайтады дейтін деректер бар. Әсіресе пайдалысы жаяу жүру, жүзу (малту). Дене тәрбиесімен айналысу сусамырдың, инсульттың, гипертониялық сырқаттың алдын алуға да көмектеседі.
— Глюкозаның аз да болса жақпауы мен жасқа қарай зерденің әлсіреуі арасында байланыс бары анықталған. Глюкоза (қант) тамақтың ыдырауы нәтижесінде қорыту жүйесінде пайда болатын энергияның негізгі қайнары. Бірақ көптеген адамдар (әсіресе орта жастағы және қартая бастаған адамдар) глюкозаны нашар сіңіреді: қан ағысындағы жасушалардың глюкоза жұту үдерісі бұзылған. Не істеу керек? Жүйелі түрде, белгілі уақтында, өз шамаңызша тамақтану керек.
— Өсімдік майын, жаңғақ, тұқым, авакадо, балық секілді дәмдерді көбірек пайдаланыңыз. Олардағы май қандағы қант деңгейінің тұрақтануына көмектеседі, артерияның ішіне жабыспайды.
— Мидың 85 пайызы су. Сондықтан күніне сегіз стақаннан кем су ішпеңіз.
— Тамағыңызда В тобына жататын В6, В12 витаминдері жеткілікті болсын. Олар ми қабығының қалпына келуіне жәрдемдеседі. В6 витаминіне банан, нұт, түйетауық еті бай.
— Майы күрделі азық-түлік пайдалануды азайтыңыз. Олар артерияны тарылтады. Маргаринде, ұннан жасалған пішінанда, жеңіл тіскебасарларда көп болады.
— Аптасына екі-үш рет балық жеңіз. Ақсеркеде, майшабақта, скумбрияда омега-3 майлы қышқылы көп. Олар қанды сұйылтады.




10 желтоқсан 2019 ж. 571 0