Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар жоғары қан қысымына қарсы ең үздік өнімді анықтады

Ғалымдар жоғары қан қысымына қарсы ең үздік өнімді анықтады




Жоғары қан қысымы әлем тұрғындарының денсаулығы үшін кеңінен таралған проблема болып табылады. Гипертония инсульт қатерін біршама арттырады, сонымен қатар инфаркт қаупіне алып келеді, сондықтан ауруды асқындырып алмау қажет, деп хабарлайды Сегодня.

Таяуда АҚШ ғалымдары арнайы зерттеулер жүргізіп, зәйтүн майы систолалық және диастолалық қан қысымын төмендететінін анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша ғалымдар зәйтүн майын тек салатқа және басқа да тағамдарға қосып қана қоймай, ас әзірлеу кезінде сары май немесе күнбағыс майының орнына зәйтүн майын пайдалануға кеңес береді.

Бұған қоса, диетологтар ағзада қан қысымының артуына себепші болатын натрийдің шоғырлануына жол бермеу үшін тамаққа тұз қосуды азайтуды ұсынады. Тұз адам денесінде судың шоғырлануына алып келеді, бұл ішкі органдарға қосымша салмақ түсіреді. Гипертониктер негізінен балғын көкөністер мен жеміс-жидектерден тұратын диетаны ұстануы тиіс, яғни майлы тағамдарды шектеуі қажет. Сонымен қатар, кофеин мен алкоголь тұтынуды шектеу де өте маңызды.
reactor.inform.​​​
24 тамыз 2018 ж. 1 204 0