Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дұрыс тамақтану туралы бес аңыз

Дұрыс тамақтану туралы бес аңыз

Дұрыс тамақтану сән ағымынан өмірлік салтқа айналып отыр. Кино жұлдыздар, спортшылар мен блогерлер және басқа да танымал адамдар дұрыс тамақтану ұстанымдары мен пайдалы азық-түлік түрлерін белсенді жарнамалау үстінде. Дегенмен, дұрыс тамақтануға қатысты теріс түсініктер мен адастырушылыққа бастайтын жайттар да аз емес.
Мәселен, дұрыс тамақтануға көшу тұтыну көлемін біршама азайтады деген түсінік бар. Яғни, бір тәрелке сорпаның орнына тек жартысын ғана ішіп, жентектелген етті бірнеше бөлікке бөліп, біртіндеп жеу қажет. Ал жақсы көретін тәтті күлшелерден, қытырлақ картоп пен балмұздақтан мүлдем бас тартқан жөн.

Негізінде дұрыс тамақтануға көшу тамақ көлемінің шектеу дегенді білдірмейді. Барлық мәселе өнімнің сапасы мен оларды дайындау әдісіне ғана қатысты. Сіз түскі ас кезінде бір кесек етті алаңсыз жеуіңізге болады. Бірақ майға қуырылмаған, буға піскен етті жеу қажет. Не болмаса майонез орнына қаймақ, әлде май араластырылған бір тәрелке тіскебасар тұту керек. Ал тәтті күлше немесе қытырлақ картоп жеуді шектеген дұрыс.

Кейбіреулер дұрыс тамақтану бірыңғай және дәмсіз деп санайды. Бір қызығы, олар дұрыс тамақтану ораза ұстаумен бірдей, яғни, тек жарма, аскөк пен көкөністі дәмдеуішсіз жеуге ғана болады деп есептейді. Бұл дұрыс пікір емес. Өз ас мәзіріңізді түрлі тұздықтармен және дәмдеуіштермен түрлендіруіңізге болады. Тек табиғи құрамды таңдап, оларды дұрыс үйлестіре білу қажет. Сарымсақпен дәмделіп, тұмшапешке пісірілген еттің дәмі қуырылған жентектелген ет дәмінен еш кем емес.

Дұрыс тамақтану барысында майға қатысты тағы бір адасушылық бар. Олар болуы тиіс: онсыз ағза өмір сүре алмайды. Бірақ, бұл ретте де қандай май жайында сөз болып отыр? Трансмайлар мен байытылған майлар емес, жеңіл өсімдік майы жайында. Оларды зәйтүн мен зығыр  майлары бере алады, ал балық майы омега қышқылының тамаша көзі.

Келесі адасушылық – жеміс-жидек пен көкөністердің пайдасы және олардың ас мөлшеріндегі үлесіне қатысты. Дұрыс тамақтануға көшкендер әуесқойлықпен тек қана жеміс-жидек және көкөніс тіскебасарларын жеп, балғын шырын ішеді және өзгелерді де мұның дұрыс тамақтану екендігін айтып сендіруге тырысады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Иә, көкөніс пен жеміс-жидектен алатын дәрумендер жасұнық біздің денсаулығымыз үшін аса бағалы. Бірақ, оны шамадан тыс пайдаланудың еш қажеті жоқ. Алма, қарбыз және алмұрттың кейбір сұрыптары сіздің салмағыңыздың артуына түрткі болады, ал жасұнықты шамадан тыс пайдалану іш өтуіне себепкер. Көкөніс пен жеміс-жидекті басқа да тағам түрлерімен сауатты үйлестіре білу маңызды.

Сонымен ең соңғы адасушылық жеңіл-желпі тамақтануға қатысты. Олар дұрыс тамақтану барысында пайдалы емес және салмақ қосуға түрткі болады деп саналады. Алайда, іс жүзінде таңғы ас пен түскі ас арасында жеңіл-желпі тамақтану пайдалы. Ал нені тұтыну қажетілігі басқа мәселе болып есептеледі. Макдональдстан гамбургер немесе сникерс жеу дұырс емес, ең пайдалысы жаңғақ не болмаса кептірілген жеміс-жидек тұтыну қажет. Мұндай жеңіл-желпі тамақтану сіздің тамақтану режіміңізден шынайы үлес алады және теріс салдары жоқ.

Егер сіз тамақтың санына емес, сапасына барынша назар аударатын болсаңыз, түрлі азық-түлікті қосып, олардың дайындалу тәсілін зерделей бастасаңыз – онда дұрыс тамақтану сіз үшін бейнет болмайды.
 
21 сәуір 2018 ж. 1 835 0