Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі асқыну: буын ауруларының алдын алу жолдары

Көктемгі асқыну: буын ауруларының алдын алу жолдары

Көктем жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін мезгілі. Сол себепті де денсаулық күтімді қажет етеді. Әсіресе қыстан кейін буындар жиі ауыра бастайды. Буын ауруларының алдын алу жолдарын айтпақпыз.
1.Суықтап қалудан, ыстықтаудан сақ болыңыз. Суық болса жылы киініп, ыстық болса жеңіл киімдерді таңдаңыз.
 
2.Егер буындарыңыз ауырса ваннаға су құйып, 500 г теңіз тұзын салып, сонда 20 минут жатыңыз. Бұл процедураны бір апта бойы күніне бір рет жасаған дұрыс.
 
3.Буын ауруының бір себебі жиналып қалған тұзда болады. Сондықтан ағзаға тұз жиналу жолының алдын алыңыз. Ол үшін түрлі мазьдар мен компрессорлар жасауға болады.
 
4.Буындарыңызға іштен көмектесіңіз. Ол үшін дұрыс тамақтану керек. Өсімдік майлары бар өнімдер жақсы көмектеседі. Ол асқабақта, авокадода көп. Сондай-ақ шарап пен сырадан бас тарту керек.
 
30 наурыз 2018 ж. 2 013 0