Қызылордада есірткі қылмысына байланысты бес адам қолға түсті

Сараптама қорытындысына сәйкес, экстракциондық апиын екені дәлелденді. Сонымен қоса күдіктімен сыбайлас тағы 4 азамат құрықталды. Олар бұрын сотты болғандар.
Оқиға орнынан 6 еріткіш құтысы, 25 медициналық шприц, 9 аммияк ерітіндісінің құтысы және асхана бөлмесіне қажетті құрал-саймандар айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 296 бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
syrboyi.kz