Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көк» статусты адамдар үшін бірқатар шектеулер алынды

«Көк» статусты адамдар үшін бірқатар шектеулер алынды

Бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова бірден екі қаулыға қол қойды. Қаулыда «көк» статусы бар қазақстандықтар үшін бірқатар шектеулер алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 ақпаннан бастап келесі шектеулер күшіне енеді:
  • Бейтарап «көк» мәртебесі бар келушілер үшін «қызыл» аймақтағы көп адам жиналатын орындарға - СОО, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караоке, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға, сауықтыру және діни объектілерге, ойын клубтарына, казиноларға барған кезде, сондай-ақ үй-жайларды 70 пайызға дейін толтырған кезде салтанатты, естелік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға шектеулер алынды.
  • Қызметтің барлық түрі үшін «сары» аймақтағы шектеулер алынды.
  • Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды.
  • Pfizer вакцинасын қолдану арқылы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар бастапқы курсты аяқтай алады.
  • Pfizer вакцинасын қолданып, қайта вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.
19 ақпан 2022 ж. 331 0