Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19 және коронавирустық пневмониядан кейінгі медициналық оңалту

COVID-19 және коронавирустық пневмониядан кейінгі медициналық оңалту

Сақтандырылған азаматтар COVID-19 және коронавирустық пневмониядан кейінгі медициналық оңалту қызметтерін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясындатолық ала алады.

Сақтандырылған тұрғындарға 2020 жылдан бері медициналық оңалту, оның ішінде COVID-19 және пневмониядан кейін медициналық оңалту да 3 кезеңмен қарқынды түрде көрестілуде. МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін, облыстағы көрсетілген медициналық оңалтудың  халыққа қолжетімділігі жоқтың қасы десек те болатын еді (2019 ж –
59,1 млн тг қызметі көрсетілген). Ал МӘМС жүйесі енгізіліген 2020 жылдан бастап, барлық медициналық оңалту шығындары 1,41 млрд теңгені құраса (2019 жылға қарағанда 23,8 есеге көп), 2021 жылы - игерілген қаражат көлемі 2,26 млрд теңгені құрады, яғни 848,4 млн теңгеге немесе 60 пайызға көп.
Негізі медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі - аурудың жіті және жетілу кезеңдерінде, оталар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Ол ауруханалардың құрылымдық бөлімшелерінде бейіні бойынша жүзеге асырылады.
Егер пациент ауруханаға жатқызуды қажет етпесе, медициналық көмек көрсетілгеннен және негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оны оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жібереді.
Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарының, көпсалалы ауруханалардың құрамында өтеді.  Оны аурудың басталуынан бастап тоғыз ай ішінде жүргізу ұсынылады. Оңалту емін ұзақтығы және оның жиілігі нозологияға, науқастың жағдайының ауырлығына және басқа себептерге байланысты.
Үшінші кезеңді медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік емханаларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Оңалту әлеуеті болған жағдайда, яғни оңалту емінің қажеттілік болғанда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту жиілігі мен ұзақтығы жеке дара көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
COVID-19 және пневмониядан кейін оңалтудың мақсаты - тыныс алу динамикасын жақсарту, мазасыздық пен депрессия белгілерін жою, асқыну қаупін азайту, дененің бұзылған функцияларын қалпына келтіру және өмір сүру сапасын жақсарту.
Ауруханадан шыққаннан кейін сырқаттың ауырлығына, қосалқы патологиялардың болуына байланысты науқас медициналық оңалтудың екінші кезеңіне немесе бірден үшінші кезеңге жіберілуі мүмкін.
Егер науқас коронавирус жұқпасымен ауырғанда қанның оттегімен қанығуы 95% - дан төмен болса, өкпенің зақымдану көлемі 50% - дан асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, бірақ қалыптан тыс ентігу болған болса, қосалқы сырқаты болса, жасанды оттегі қолдауына мұқтаж болса, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емдеу жүргізілсе, науқас екінші кезеңді қалпына келтіруге жатады.
Орташа ауыр бұзылулары бар пациенттер үшінші кезеңге жіберіледі.
ҚР ДСМ ақпараттық жүйлерінде тіркелген, COVID-19 жәнепневмония диагноздары бар үйде емделген азаматтар да оңалту емін ала алады. Оларды мультисалалы мамандар тобы бағалауы қажет. Әр науқасқа арналған оңалту емі ағзаның ерекшеліктерін, қосалқы сырқат түрлерінің болуын, жас ерекшеліктерін және т. б. ескере отырып, жеке дара таңдалады.
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі. Ең алдымен, науқастың жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе мамандардың көп салалы тобымен кеңес алуға жолдама беретін учаскелік дәрігермен кеңесу керек. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмір сүру қабілеттілігі ескеріледі.
Қарсы көрсеткіштер. Абсолютті қарсы көрсеткіштерге мыналар жатады: науқастың тұрақсыз клиникалық жағдайы: жедел миокард инфарктісі, аневризмадан субарахноидты қан кету, кез-келген этиологиядағы шоктар, өкпе жүйесінің тромбоэмболиясы, омыртқаның, жамбастың, аяқтың тұрақтандырылмаған сынуы, сондай-ақ науқастың бас тартуы.
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдерге мыналар жатады: сүйектердің патологиялық сынуының жоғары қаупі және оңалту емін жүзеге асыратын медицина мамандарының болмауы.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етіп келеді.
Медициналық оңалту қызметтерін көрсету үшін 2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚЗО филиалы облыстың 31 медициналық ұйымымен келісім-шарттар жасасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда медициналық ұйымға артқан.
2021 жылдың 12 айында күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаларда 2 277 науқасқа 193,5 млн теңге көлемінде COVID-19 және коронавирустық пневмониядан кейінгі медициналық оңалту емі көрсетілді, оның ішінде басым көмшілігін көрсеткендер:
Облыстық оңалту орталығында 87,2 млн теңге сомасына 1 015 науқасқа қызмет көрсетілді;
Облыстық фтизиопульмонология орталығында 8,5 млн теңгеге 99 науқасқа қызмет көрсетілді;
Жаңақорған ауданаралық ауруханасында 2,1 млн теңгеге 20 науқасқа қызмет көрсетілді.
Сондай ақ, филиалмен келісім-шарт арқылы жұмыс жасайтын 31 медициналық мекемелерде медициналық оңалту емін толық көрсетіп келеді.
Медициналық оңалтуды қаржыландыруға 2022 жылы медициналық сақтандыру қорынан 2,7млрд теңге қарастырылды.
Коронавирустық пандемия оңалтудың қаншалықты маңызды екендігін және бұл бастама қаншалықты уақытылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Егер емделушіге медициналық көмектен бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, сіз әрбір медицина ұйымындағы Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінішті өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы бойынша қалдыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
22 ақпан 2022 ж. 324 0