Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19 және пневмониядан кейін медициналық оңалту қызметтерін қалай алуға болады?

COVID-19 және пневмониядан кейін медициналық оңалту қызметтерін қалай алуға болады?

COVID-19 және коронавирустық пневмония мен ауыратын науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен оңалту қызметтері қолжетімді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халыққа медициналық оңалтуды қамтамасыз ету ережелеріне тиісті толықтыруларды өткен жылы енгізді (ҚР ДСМ 10.02.2020 ж. № ҚР ДСМС-9/2020 бұйрығы).Медициналық оңалту «Емдеуге жатқызу бюросы» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде шеңберінде негізгі ауруларды емдеу кезінде, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарға қолжетімді.
Ал, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндеХалықаралық аурулар жіктемесінің (ХАЖ)10-қайта қаралымындағы аурулартізімі бойынша көрсетіледі.
Сондай-ақ, медициналық оңалту азаматтардың өз қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру қаражаты, жұмыс берушілер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ақылы негізде жүргізіледі.
Сақтандырылған тұрғындарға 2020 жылдан бері медициналық оңалту 3 этаппен қарқынды түрде көрестілуде. МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін, облыстағы көрсетілген медициналық оңалту қызметтері халыққа қолжетімідлігі жоқтың қасы десекте болады. (2019ж – 59,1млн тг қызметі көрсетілген). 2020ж. МӘМС енгізіліген сәттен бастап, медициналық оңалту шығыны 1,41 млрд теңгені құраса (2019 жылға қарағанда 23,8 есеге көп), 2021 жылға жоспарланған тек МӘМС пакетінде қарастырылған қаражат 2,47 млрд теңге, яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,06 млрд теңгеге өскен (75,2%).
Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі-аурудың жіті және жітілеу кезеңдерінде, оталар, жарақаттар кезіндегі қалпына келтіру емі. Ол ауруханалардың құрылымдық бөлімшелерінде бейіні бойынша жүзеге асырылады.
Егер пациент ауруханаға жатқызуды қажет етпесе, медициналық көмек көрсетілгеннен және негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оны оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жібереді.
Оңалтудың екінші кезеңі мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, мамандандырылған оңалту орталықтарының, көпсалалы ауруханалардың құрамында өтеді.  Оны аурудың басталуынан бастап тоғыз ай ішінде жүргізу ұсынылады. Оңалту емін ұзақтығы және оның жиілігі нозологияға, науқастың жағдайының ауырлығына және басқа себептерге байланысты
Үшінші кезеңді медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік емханаларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Оңалту әлеуеті болған жағдайда, яғни оңалту емінін қажеттілік болғанда үшінші кезеңдегі медициналық оңалту жиілігі мен ұзақтығы жеке дара көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
COVID-19 және пневмониядан кейін оңалтудың мақсаты - тыныс алу динамикасын жақсарту, мазасыздық пен депрессия белгілерін жою, асқыну қаупін азайту, дененің бұзылған функцияларын қалпына келтіру және өмір сүру сапасын жақсарту.
Ауруханадан шыққаннан кейін аурудың ауырлығына, қатар жүретін патологиялардың болуына байланысты науқас медициналық оңалтудың екінші кезеңіне немесе бірден үшінші кезеңге жіберілуі мүмкін. Айта кету керек, постковидтық синдром психологиялыққолдаушараларынқажететеді.
Егер науқас коронавирустық инфекциямен ауырғанда қандағы оттегімен қанықтыру 95% - дан төмен болса, өкпенің зақымдану көлемі 50% - дан асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, бірақ қалыптан тыс ентігу болған болса, қосалқы сырқаты болса, жасанды оттегі қолдауына мұқтаж болса, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емдеу жүргізілсе, науқас екінші кезеңді қалпына келтіруге жатады.
Орташа ауыр бұзылулары бар пациенттер үшінші кезеңге жіберіледі. Егер аталған көрсеткіштер орын алған болса, үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да үшінші кезеңді оңалту емін ала алады.Оларды Мультисалалы мамандар тобы бағалауы қажет. Әр науқасқа арналған оңалту емі ағзаның ерекшеліктерін, қосалқысырқат түрлерінің болуын, жас ерекшеліктерін және т. б. ескере отырып, жеке дара таңдалады.
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі. Ең алдымен, науқастың жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе мамандардың көп салалы тобымен кеңес алуға жолдама беретін учаскелік дәрігермен кеңесі керек. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмір сүру қабілеттілігі ескеріледі.
Қарсы көрсеткіштер. Абсолютті қарсы көрсеткіштерге мыналар жатады: науқастың тұрақсыз клиникалық жағдайы: жедел миокард инфарктісі, аневризмадан субарахноидты қан кету, кез-келген этиологиядағы шоктар, өкпе жүйесінің тромбоэмболиясы, омыртқаның, жамбастың, аяқтың тұрақтандырылмаған сынуы, сондай-ақ науқастың бас тартуы.
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдерге мыналар жатады: сүйектердің патологиялық сынуының жоғары қаупі және оңалту емін жүзеге асыратын медицина мамандарының болмауы.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Оңалту қызметтерін көрсету үшін 2021 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы облыстың 27 медициналық ұйымымен шарттар жасасты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 медициналық ұйымға көп.
2021 жылдың 4 айында тәулік бойы жұмыс істейтін ауруханаларда 451 постковидты оңалту қызметтері көрсетілді, оның ішінде:
Облыстық оңалту орталығында 34 794,8 мың теңге сомасына 405 қызмет көрсетілді;
Облыстық фтизиопульмонология орталығында 1 252,5мың теңгеге 15 қызмет көрсетілді;
Жаңақорған ауданаралық ауруханасында 2 588,4 мың теңгеге 31 қызмет көрсетілді;
Жалпы, а.ж. 4 айы ішінде бұл орындалған жұмысқа Медициналық сақтандыру қоры 38 635,7мың теңге төледі.
Ал өткен 2020 жылы облыстық оңалту орталығында 11 653,6мың теңгеге жалпы 147 постковидтық оңалту қызметі көрсетілді.
Коронавирустық пандемия оңалтудың қаншалықты маңызды екендігін және бұл бастама қаншалықты уақытылы жүзеге асырылғанын көрсетті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халық үшін оңалтудың қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.
Егер емделушіге медициналық көмектен бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, ол 1406 байланыс орталығына немесе «Qoldau - 24/7» мобильдік қосымшасына жүгіне алады.
Бақыт Исмаханбетов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша
филиалының директоры 
26 мамыр 2021 ж. 381 0