Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нидерландыда хантавирус жағдайы тіркелді: медқызметкерден инфекция анықталды

Нидерландыда хантавирус жағдайы тіркелді: медқызметкерден инфекция анықталды

Бұған дейін ауруханадағы 12 қызметкер қауіпсіздік хаттамаларының бұзылуына байланысты алты аптаға карантинге жіберілген болатын. Мамандардың айтуынша, жұқтырған науқастың қанымен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік талаптары толық сақталмаған, ал биоматериалдарды жою тәртібінде де олқылықтар анықталған.
Нидерландының Неймеген қаласындағы Радбауд университеттік медициналық орталығында жұмыс істейтін қызметкерде хантавирусқа оң нәтиже тіркелді. Ол бұған дейін инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан кейін карантинге оқшауланған.

Алайда кейін жүргізілген қосымша талдаулар вирустың жоқ екенін көрсетіп, қызметкерде ауру белгілері байқалмаған. Соған қарамастан, медициналық мекеме сақтық шараларын күшейтіп, оны аптасына екі рет әртүрлі биоматериалдар арқылы қайта тестілеуден өткізуді ұйғарды.

Бұған дейін ауруханадағы 12 қызметкер қауіпсіздік хаттамаларының бұзылуына байланысты алты аптаға карантинге жіберілген болатын. Мамандардың айтуынша, жұқтырған науқастың қанымен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік талаптары толық сақталмаған, ал биоматериалдарды жою тәртібінде де олқылықтар анықталған.
Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz
04 маусым 2026 ж. 60 0